2. 2011 жылдың 28 қаңтарында «Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз!» деген атпен жарияланды. Елбасы
жеделдетілген экономикалық жаңғырту Үдемелі
индустриялық инновациялық даму мәселелеріне
тоқталды. Бұдан бөлек, әлеуметтік саясатқа да баса мән
беріп: «Біз өзіміздің индустрияландыру және
экономиканы технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі
жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық. Біздің
бағдарламаларымыздың басты мақсаты - халықтың әл-
ауқатын нығайту. Сондықтан да мен биылғы Жолдауда
әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар
аударып тұрмын. Мен үш аса маңызды мемлекеттік
бағдарламаларды - білім беру, денсаулық сақтау және
тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім. Үкіметке
әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін
мынадай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды
тапсырамын», деген болатын.
3. Бұдан бөлек бұрынғы елбасы, Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау,
тілдерді дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы мәселелеріне Елбасы
жеке жеке тоқталып, атқарушы билік пен Парламенттің алдына бірқатар нақты
міндеттер жүктеді. Тұрғын үй шаруашылығын дамыту, сапалы ауыз сумен қамту
жайы да көтеріліп, басталған жұмысты сапалы жалғастыру жайы қозғалды.
Қазақстанның алдағы сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарға да шолу жасалды.
4. Экономиканың жеделдетілген технологиялық
жаңғыртылуы үлгісінде отын-энергетика
кешені жобасы бойынша бірқатар
бастамалар іске асырылуда. Осылайша,
мұнай-газ өнеркәсібінде кен орындарында
мұнай беруді арттыру және геологиялық
барлау жұмыстарын жандандыру, оның
ішінде теңіз жобалары бойынша жұмыстар
жүргізілуде. Бұл мұнай өндіру көлемінің 2025
жылға қарай 107,3 млн тоннаға дейін және
газ өндіру көлемінің 77,3 млрд текше метрге
дейін өсімін қамтамасыз етпек.
5. Ал, Инвестициялар және даму министрі
Ж.Қасымбектің мәлімдеуінше, Қазақстан өнер-
кәсібінің Индустрия-4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша
техникалық талдау жұмыстары алдағы қыркүйекте
аяқталады. Министр Индустрия-4.0 үлкен
деректердің талдауы, дербес роботтандырылған
жүйелер, индустриялық интернет, аддитивті
технологиялар (3D баспа) секілді алдыңғы
қатарлы ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды ауқымды пайдаланудан
тұратынын атап өтті. Халықаралық
сарапшылардың есебі бойынша, түрлі елдерде
Индустрия 4.0-ді енгізу ІЖӨ-нің жыл сайынғы
өсімін орта есеппен 1,5 пайызға қосымша
ұлғайтуға мүмкіндік береді.