Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Жартылай иондық реакция әдісі 10 сынып.pptx
1. Жартылай иондық реакция
әдісі
Қышқылдық, сілтілік және бейтарап ортада жүретін тотығу-
тотықсыздану реакцияларын электрондық-иондық баланс әдісімен
теңестіруді қарастырамыз
2. Қышқыл ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакцияларын теңестіру ережелері:
1. Реакцияның сызбанұсқасын жазу. Тотығу-тотықсыздану процесіне қатысатын молекула немесе
иондарды анықтау.
2. Тотығу және тотықсыздану процестерінің жартылай реакциясының иондық формуласын жазу. Әлсіз
электролиттер, қатты және газ тәрізді заттарды молекулалық түрде жазу.
3. Зат массасының және энергияның сақталу заңын негізге ала отырып, жартылай реакция теңдеуін жазу
үшін заттардың және зарядтардың тепе-теңдігін сақтау керек. Оттек атомдарының санын теңестіру үшін
жартылай реакцияның қай жағында оттек атомдары артық болса, сонша сутек Н+ атомдарын қосамыз.
Нәтижесінде оттек атомдары сутек атомдарымен байланысып, су Н2О молекуласын түзеді. Қарама-қарсы
жағына су молекуласын қосып жазу керек. Оттекті, сутекті содан кейін электрондар санын теңестіру
қажет.
4. Жартылай реакциядағы қосып алған және беріп жіберген электрондар санын теңестіреді.
5. Алдымен жартылай реакцияның сол жағын, кейін оң жағын жинақтап жазу керек. Формуланың
алдындағы коэффициентке көбейтуді ұмытпаған жөн. Иондық реакцияның жиынтық теңдеуі.
6. Теңдеудің оң және сол жағындағы ұқсас иондар мен молекулалар қысқартылады.
7. Жетіспеген катиондар немесе аниондарды қосып жазу керек. Теңдеудің оң және сол жағындағы
қосылатын иондардың саны тең болу керек.
3. Қышқыл ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакцияларын теңестіруге мысал:
FeCl2 + HCl + K2Cr2O7 → FeCl3 + CrCl3 + KCl + H2O
Т-ғу: Fe2+ → Fe3+
Т-сыз: Cr2O7
−2 → Cr3+
4. Сілтілік ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакцияларын теңестіру ережелері
1. Сутек және оттек атомдарының санын теңестіру үшін жартылай реакцияның оттек
атомдары көп жағына су молекуласын қосады, ал қарама-қарсы жаққа гидроксид иондарын екі
еселеп қосады.
2. Теңдеудің оң және сол жағындағы оттек атомдарының айырмашылығын көрсететін Н2О
алдына коэффициент қойылады. Ал ОН– ионының алдына екі еселенген коэффициент
қойылады. Сонда тотықсыздандырғыш гидроксид иондарынан оттек атомын қосып алады.
5. Сілтілік ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакцияларын теңестіру ережелері
MnO4
− + I−→ MnO2(қ) + I2(еріт)
6. Бейтарап ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакцияларын теңестіру ережесі
1. Бейтарап орта шартты деп есептелінеді. Шын мәнінде тұз гидро-
лизденгенде орта әлсіз қышқылдық (рН = 6-7) немесе әлсіз негіздік (рН
= 7-8) болуы мүмкін. Сондықтан жартылай реакция екі әдіспен
жазылады:
а) Тұздың гидролизі ескерілмейді. Орта бейтарап болғандықтан
жартылай реакцияның сол жағына су қосады. Сонда бір жартылай
реакция қышқылдық орта, ал екіншісін сілтілік орта деп қарастырады;
ә) Егер реакция сызбанұсқасы бойынша ортаны анықтау мүмкін болса,
онда жартылай реакцияны сәйкесінше қышқылдық орта немесе сілтілік
орта деп есептеп теңестіреді.
7. Топтық жұмыс
• 1-топ.Қышқылдық ортада жүретін тотығу-тотықсыздану
реакциясын құрастырады.
• KMnO4 + KNO2 + H2SO4 = K2SO4 + MnSO4 + KNO3 + H2O
• 2-топ.Сілтілік ортада жүретін тотығу-тотықсыздану реакциясын
құрастырады.
KMnO4 + KNO2 + KOH = KNO3 + K2MnO4 + H2O
• 3-топ.Бейтарап ортада жүретін тотығу-тотықсыздану реакциясын
құрастырады
KMnO4 + KNO2 + H2O = KNO3 + MnO2 + KOH